Діннің атын жамылып, қылмыс жасап жүргендер қатаң жазалануы тиіс
Діннің атын жамылып, қылмыс жасап жүргендер заңмен қатаң жазалануы тиіс. Қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері осылай деді. Олардың пікірінше, бұған қарсы тұрар жалғыз иммунитет - ұлттық құндылықтармен ұштасқан тәлім-тәрбие, ұлттық салт-сана.
Ақұштап Бақтыгереева, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
Ал енді қазір дінімізді не істеп жүр мына жастар?! Жап-жас қыз жаман ырым бастап, қара орамал жамылып, көздерін жауып, пәрәнжа кию деген қайдан шыққан? Бұларда сауат жоқ. Сол сауатсыздықтарын пайдаланып, ата-анаға қарсы айдап жатыр. Бұл бір біздің ұлтқа келіп жатқан нәубет сияқты нәрсе. Қазір бізге білім керек. Осының бәрі білімсіздіктің, біліксіздіктің кесірі. Білім болғанда да ұлттық тәрбиемен байланысқан білім.
Ермек Келемсейіт, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері:
Кімге шабуыл жасап тұрған анау-мынау қылығына қарасаң шынында да біздің ортамызда қойдың терісін жамылып алған қасқырлар жүр ме? Азғындар жүр ме? Дінді жамылып алып, басқа қылықтармен айналысып жүргендер бар ма? Осыны жоюмыз керек. Айналысуымыз керек. Біз де оған ат салысамыз шындық уақытында.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бұралқы иттерге қатысты жаңа түзетулер: Жазалау ма, реттеу ме?
19.04.2026, 23:09
Педагогтерді бағалау жүйесі өзгерді: Жаңа тәртіп қандай?
19.04.2026, 22:54
Бастапқы жарна көп болса, ипотека пайызы төмендей ме?
19.04.2026, 22:42
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04