Қазақстандық автокөлік нарығы «Чанъянь Алсвин» деп аталатын жаңа қытайлық моделімен толықты. Мамандар озық технологиямен жарақтандырылған теміртұлпардың сапасында мін жоқ деп отыр. Бастысы – жыл мезгілдеріне төзімді. Әрі бағасы да көңілге қонымды. Көліктің тұсаукесеріне тұрғындар көптеп жиналды.
«Чанъянь Алсвин» - Қытайдағы атақты Чанъянь зауытында жасалған. Отандық нарыққа «Астана Моторс» еншілес компаниясы шығарды. Дизайны жинақы. Сапарға төзімді. Жауын-шышын мен суықта дес бермейді. Толық автоматтандырылған. Жалпы, Чанъань кешенінің өнімдері қазақстандықтарға әуелден таныс. Тәжірибеде әбден сыналған.
Азамат Өскін, Астана қаласының тұрғыны:
Өзіміздің жанұямызда екі автокөлігі бар «Чанъань Юни-кей» деп аталатын. Бір жылдан бері екі көліктің қызығын көріп келе жатырмыз. Қысқа да төзімді, жазға да жайлы. Бұл мәшинесі де жақсы болады деген ойдамын.
Нарыққа шыққан жаңа көліктің ұзындығы 4 метрден асады. Қозғалтқышы 1-де 5-ті құрайды. Салоны былғарымен қапталған. Рөлі электрлі. Қозғалтқышына 5 сатылы робот каробка орнатылған.
Жандос Темірғали, тілші:
Көліктің нарықтағы құны - 6 млн 990 мың теңге. 98 аттың күші бар мұнда. 5 жылға дейін кепілдік беріледі. Және салоны кең. Сонымен қатар, сенсорлы монитор да орнатылған.
Өткен жылы эконом-класс седандары елдегі барлық сатылған автокөліктердің бестен бір бөлігін құрады. Олардың көпшілігі шағын және орта бизнес кәсіпорындарында сенімді техникаға айналды.
Сағынаш Төкенов, Қазақстандағы «Changan Auto» дистрибуциясын сату жөніндегі директор:
Біз нарыққа супер технологиялық флагман – Юни-кей кроссоверімен шықтық. Және клиенттерден "Чанъань сапасындай, бірақ бағасы арзандау көлік болады ма?" деген сұраныс түсті. Сондықтан біз нарыққа Алсвин седанын шығардық.
Тұсаукесерге келген тұрғындарға эстрада жұлдыздары ән шырқады. Ұтыс ойнатылып, түрлі бағалы сыйлықтар ұсынылды. Жұртышылық жаңа көлік ыңғайлы екенін айтады. «Ал кеттік!» деген ұранмен нарыққа жол тартқан «Чанъянь Алсвин» автосалоннан қолма қол ақшаға немесе несиеге алуға болады.
Жандос Темірғали