Депутат кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды ұсынды

24.01.2024

Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынады. Арнайы заңды Мәжіліс депутаттары бір ауыздан мақұлдады. Сенат қарауына жіберілген құжатқа Мемлекет басшысы қол қойған соң қылмыстық жауапкершілік те көзделген. Енді электронды темекіні сатқан адам 50 тәулікке қамалады. Шекара асырып әкеліп, таратқандар – 2 жылға сотталады. Қылмыстық әрекет бірнеше рет қайталанса – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру көзделген.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

САТСА – 50 ТӘУЛІК

ТАРАТСА – 2 ЖЫЛ

ҚАЙТАЛАНСА – 5 ЖЫЛ

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазіргі кезге дейін вейптардың таралуы бейресми мәлімет бойынша 200 есеге өскен.+ 04:20-04:37 алматылық балалардың 80 %, астаналық балалар 83 % осы вейпты қолданады деген ақпарат шығып жатыр. Өте қауіпті үрдіс. Біз оларды тоқтау салуымыз керек. Әрине, қауіпті жақтары бар. Яғни, қара нарыққа кетеді. Ертең басқа да оның жолдары табылады. Бірақ ең басты біздің негізгі бағытымыз, балаларды осындай қауіп-қатерден, олардың денсаулығына зиян келтіретін осындай індеттен сақтау.

Сондай-ақ, депутат Дәулет Тұрлыханов Мәжілістің жалпы отырысында кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды ұсынды. Жауапты орган өкілдері тез арада заң жобасын әзірлеп, бірқатар шара қабылдау керектігін айтты. Себебі, Мәжіліс депутатының айтуынша қоғамдық орынға тынығуға барған адамдар еріксіз көрші үстелде кальян шегушілердің түтінімен тыныстауға мәжбүр, дейді.

Дәулет Тұрлыханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда кальянның қолданылмауына бақылауды күшейтіп оны тұтынылу заңдылығына тексеру жүргізуі қажет. Екінші, Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі қолданылып жүрген кальянның құрамына, шығаратын түтініне сараптама жасап, оның адам денсаулығына тигізетін зияны бойынша қорытынды әзірлеуі тиіс. Үшінші, ҚР-ның Үкімет елімізде кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды, оны бұзғандарға жауапкершілік тағайындауды көздейтін заң жобасын әзірлеуді, қарастыруды сұраймыз.

Хабарламаларға жазылу