Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу ұсынылды

01.11.2019
Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық үшін сотталған шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды ұсынды.

«Жоғарғы соттың сот корпусын «тазалау« мәселесіндегі белсенділігін ескере отырып біз бірлескен күш-жігерімізбен фемида қызметкерлерін әшкерелейміз. Осы жылдың өзінде бесеуі сотталды. Осыған орай, агенттік құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейтуге бастамашылық жасады. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыстар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға шектеу ұсынылды», - деді ол ведомствоның алқа мәжілісінде.

Жалпы, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 2 121 құқықбұзушылықты тіркеген. Оның 1590-сы осы жемқорлыққа байланысты.

«1028 адам жауапқа тартылды, оның 23-і - республикалық және 86 -сы аймақтық деңгейдегі басшылар. Келтірілген залалдың мөлшері өсті - 23,2 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Оның 94% өтелді», - деді А.Шпекбаев.

Хабарламаларға жазылу