Ресейлік депутат «Тағдыр тәлкегі» комедиясына тыйым салуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік депутат «Тағдыр тәлкегі» комедиясына тыйым салуды ұсынды

16.01.2014
Ресейлік депутат «Тағдыр тәлкегі» комедиясына тыйым салуды ұсынды
Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский «Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!» («Ирония судьбы, или С легким паром!») комедиясына тыйым салуды ұсынды, деп жазады «Алаш айнасы».  Оның айтуынша, фильм маскүнемдікті насихаттайды.
 
Саясаткер бұл ұсынысын Мемлекеттік думаның көктемгі сессиядағы қызметіне арналған заң жобаларын талқылау кезінде айтқан.
 
«Тағдыр тәлкегі» деген не?! Ішіп алған адамның басқа қалаға ұшып кеткенін қайдан көрдіңіздер? Бұл – нақұрыстарға арналған фильм», – дейді ол.
 
Жириновский бұдан бөлек, келешекте де мас Аяз ата, мас Ақшақар, мас полицей сияқты кейіпкерлері бар фильмдерді түсіруге тыйым салу туралы ұсыныс білдірді.

Хабарламаларға жазылу