Депутат Зағипа Балиева қазақстандықтарға пневмакокқа қарсы вакцина салуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат Зағипа Балиева қазақстандықтарға пневмакокқа қарсы вакцина салуды ұсынды

16.09.2020

Коронавирустық пневмониядан қорғану үшін пневмакокқа қарсы вакцина салу керек. Бүгін осылай деп бастама көтерген Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Үкімет басшысына сауал жолдап, жұртқа тезірек екпе салуды сұрады. Айтуынша пневмакокк инфекциясына қарсы вакцина пневмониядан қорғап қана қоймай, коронавирустың жеңіл өтуіне әсер етеді. Негізі вакцинаның бұл түрі балаларға 2010 жылдан бері салынып келеді. Енді Сovid-19-дың таралуына байланысты ересектерге де егу керек. Әсіресе 65 жастан асқандар мен қант диабеті, өкпенің, бауырдың, бүйректің созылмалы ауруы барларларға бірінші кезекте салынуы тиіс, - дейді депутат. 


Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу