Калифорния штатын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния штатын су басты

20.02.2024

АҚШ-тың Калифорния штатын су басты. Өңірде дүйсенбіден бері жауын-шашын тоқтамай жауып тұр. Көшелер өзенге айналды. Тасқынды болдырмау шаралары қолға алынған. Жолдарға құм толтырылған қапшықтар қойылды. Бұған қоса, лай көшкіні қаупі де сейілмей отыр. Екі апта бұрын штатта үздіксіз нөсер жауып, су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. Төтенше жағдай жарияланды. Ал былтырға дейін ондаған жыл бойы өңір қатты қуаңшылықтан зардап шеккен еді.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу