Италияда су тасқыны мен лай көшкіні жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда су тасқыны мен лай көшкіні жүрді

02.04.2024

Италияда үздіксіз нөсер жауып, су тасыды, арты лай көшкініне ұласты. Табиғи апат болған аумақтағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Қала іші өзенге айналды. Жолдар бірнеше күнге жабылған. Су тасқыны жүрген өңірде өрт сөндірушілер мен азаматтық қорғаныс топтары жұмыс істеп жатыр. Олар гидрогеологиялық қауіпті анықтау үшін тексерісті бастап кетті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу