Канадалық сарапшылар Қазақстан Канада үшін Орталық Азияға шығар қақпа
Қазақстан Канада үшін Орталық Азияға шығар қақпа. Сондықтан өзара байланысты тереңдетуге күш салуымыз керек, - дейді канадалық сарапшылар. Оттава қаласында өткен жиынға Канада мемлекеттік органдарының, ой-талқы орталықтарының және Канада-Еуразия Сауда платасының өкілдері қатысты. Жиында мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде берген сұхбаты талқыланды. Елші Дәулетбек Құсайынов, еліміздің экономикалық және инвестициялық әлеуеті «жасыл» бастамалар мен жоспарлары жайлы баяндады.
Маргарет Скок, Канаданың Қазақстандағы бұрынғы елшiсi:
Президент жүргізген реформалар, менің ойымша, тамаша; бұл бұрынғы Кеңес Одағы аймағы үшін бірегей өзгерістер және Батыс әлемі көрмеген демократиялық жаңаруды уәде етті. Бұл Қазақстанның дамушы демократиялық мемлекет ретінде қайда бағыт алғанын растады.
Джонатан Миллер, Макдональд-Лаури институтының сыртқы істер, ұлттық қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік бойынша директоры:
Біз Орталық Азияның негізгі орталығы ретінде Қазақстанмен көп жақты, екіжақты байланысты тереңдетуіміз керек. Бұл Канадаға аймақтағы өзге де елдермен қарым қатынасты жандандыруға сеп болмақ. Батыс Жапонияны Шығыс Азиядағы хаб ретінде қарайтын секілді Қазақстан да Орта Азия аймағына шығатын негізгі қақпа.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05