Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Дәл қазір Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Парламент қабырғасында әріптесім Шерхан Жамбылұлы да жүр.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бірлескен отырысты шақыру туралы өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 2 күн бұрын қол қойған. Қос палатаның депутаттары бүгін Парламент қабырғасына жиналды. Кеше Сенат депутаты Ақмарал Әлназар күн тәртібіне шығарылатын мәселені айтқан еді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Қазақстан Республикасының бітімгерлік күштерін жіберу жайлы. Конституцияның 58-бабына сәйкес депутаттар келісім беруі керек. Жалпы бітімгерлік операцияларға қатысу бойынша Қазақстанның тәжірибесі бар. Мәселен, 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қазақстандық бітімгерлер Ливанда миссия атқарып келеді. Ливандағы Миссия еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайту үшін маңызды дейді сарапшылар. Бұл жолы қай мемлекетке баратыны жайлы қазір отырыста айтылуы тиіс.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05