Wildberries компаниясы 54 қызметкеріне хабарласа алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wildberries компаниясы 54 қызметкеріне хабарласа алмай отыр

15.01.2024

Ресейде Wildberries компаниясына тиесілі қоймада өрт шығып, компания басшылығы сол мезетте жұмыста болған 54 қызметкерден әлі хабар ала алмай отыр. Олардың біразы ғимараттан шыққан кезде жеке заттарын, ұялы телефондарын жұмыс орындарында қалдырып кеткен. Сондықтан әзірге ешқайсысы із-түзсіз жоғалғандардың санатына ресми қосылмады. Санкт-Петербордағы өрт кезінде ғимаратта кемі 1000 адам болған. Компания қызметкерлердің жақындары үшін жедел желі нөмірін де іске қосты. Оған хабарсыз кеткен жұмысшылар туралы ақпарат келіп жатыр.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу