Wildberries компаниясы 54 қызметкеріне хабарласа алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Wildberries компаниясы 54 қызметкеріне хабарласа алмай отыр

15.01.2024

Wildberries компаниясы қоймадағы өрт кезінде жұмыста болған 54 қызметкерге әлі хабарласа алмай отыр. Жұмысшылардың біразы ғимараттан шыққан кезде жеке заттарын, ұялы телефондарын жұмыс орындарында қалдырып кеткен. Сондықтан әзірге ешқайсысы із-түзсіз жоғалғандардың санатына ресми қосылмады. Санкт-Петербургтегі өрт кезінде ғимаратта кемі 1000 адам болған. Компания қызметкерлердің жақындары үшін жедел желі нөмірін де іске қосқан. Соның арқасында хабарсыз кеткен жұмысшылар туралы ақпараттар келіп жатыр.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу