Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

13.06.2023

Абай облысында жоғалып кеткен трактор жүргізушісінің денесі табылды. Ол соңғы рет байланысқа 9 маусым күні шыққан. Ал өткен түнде тракторы табылды

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бесқарағай ауданы, Долон ауылының тұрғыны Сергей Архипов өрт сөндіру жұмыстарына көмектесуге келген. Тракторы түнде табылған. Өртенбеген. Бүгін күндіз қызметтік иттердің көмегімен ер адамның денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Дегенмен, сот медицинплық сараптамасы тағайындалды.


Хабарламаларға жазылу