Румынияда шаруалар ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда шаруалар ереуілге шықты

16.01.2024

Румынияда қымбатшылыққа қарсы ереуілдер толастар емес. Елде жүк көлігінің жүргізушілері мен фермерлер алтыншы рет наразылық акциясын ұйымдастырды. Ереуілшілер жүк көліктері, тракторлармен бірнеше қаланың тас жолын жауып, көлік қозғалысын қиындатты. Шаруалар үкіметтен ауылшаруашылығына субсидияны көбейтуді, шығындарды өтеуді талап етеді. Ал жүк көлігінің жүргізушілері биліктегілерден салықты, сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайтуды сұрайды.

Дорин Бэсеску, шаруа қожалығының басшысы:

Жанар-жағар май қымбат. Үкімет Украинаның тауарларын импорттап, отандық өнім бәсекеге төтеп бере алмай қалды. Шығынға шаш етектен баттық. Қолдау болмаса, ереуілді тоқтатпаймыз.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу