Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

19.09.2023

Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты. Олар үкіметтен жалақыны өсіруді талап етті. Наразылық акциясы екі тәулік бойы жалғаспақ. Талаптары орындалмаса, медицина қызметкерлері келесі айда үш күн қатарынан ереуіл жариялайтынын ескертті. Алайда Британия үкіметі кейбір дәрігерлерді ереуіл кезінде жұмысқа тарту жағын қарастырып отырғанын мәлімдеді. Корольдіктің денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлердің жетіспеуінен бірнеше ай бойы зардап шегіп отыр. Салмақтың шамадан тыс көп болуынан ақ халаттылардың көбі жұмыстан кетуге мәжбүр.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу