Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты

23.06.2022

Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шықты. Мұндай наразылық акциясы елде соңғы 30 жылда болмаған. Англия, Уэльс және Шотландияда пойыздардың 70% тоқтап қалды. Салдарынан миллиондаған адам діттеген жеріне жете алмауда. 

Марина Бекенова, тілші:

50 мыңнан астам теміржолшы «еңбек жағдайы жақсартылсын» деп талап қойып отыр. Инфляцияға төтеп беру үшін жалақыларын кем дегенде 7% көтеруді сұрайды. Жұмыс берушілер тек 3% келісіп отыр. Пандемия кезінде жолаушылар саны айтарлықтай азайып қалды. Халық пойызға мінуді қойып, үйден жұмыс істеуге көшті. Компаниялардың кіріс көзі кеміді. Қазір де шығын көп. Сондықтан билік осындай қадамға баруға мәжбүр. Бірақ теміржолшыларды мұндай дәлелдер қанағаттандырмайды.

Мик Линч, Көлік қызметкерлері ұлттық кәсіподағының бас хатшысы:

Network Rail және пойыздарды басқарушы компаниялар жалақыларымызды өсірмеді. Мыңдаған жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр. Басшылармен келіссөздер жүргізіп көрдік, бірақ ортақ келісімге келе алмадық.

Англия банкіндегілер күзде инфляция деңгейі 11% көтеріліп, баға тағы шарықтайды дейді. Кәсіподақтар ереуілдерді жаз бойы өткізуге бекініп отыр. Егер тараптар ортақ мәмілеге келмесе, ереуіл жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Ол аздай теміржолшыларға енді метро жүргізушілері де қосылды. 

Хабарламаларға жазылу