Санкт-Петербургтегі Wildberries қоймасында ірі өрт болды: 16 жұмысшы іздестірілуде
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан Wildberries қоймасында ірі өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт аумағы 70 000 шаршы метрге дейін жеткен. Тілсіз жаумен күреске, 57 техника жұмылдырылыпты.
Игорь Улубиков, Ресей ТЖМ санкт-петербург қаласы бойынша өрт сөндіру ұйымы басқармасының бастығы:
Таңғы 07:40-та қоймадағы өрт туралы хабарлама келді. Тілсіз жау барлық ғимаратты жалмап кету қаупі болды. Тіпті жүк көліктері тұрған қоймаға тарап кетсе, жағдай қиындай түсер еді. Өртті ауыздықтауға 500 адам жұмылдырылды.
Өрт кезінде қоймада мыңға жуық адам болған, олар дер кезінде эвакуацияланды. Бірақ 16 жұмысшы табылмай жатыр. Жоғалғандардың туыстары үшін жедел желі іске қосылды. Белгілі болғандай, өртенген қойма ғимараты ресми түрде пайдалануға берілмеген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал тілсіз жаудан келген шығын 20 миллиард рубльге жуық.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05