Алаяқтық жолмен алынған несиені өтеу банктерге жүктелмек
Алаяқтық жолмен алынған несиелерді енді банктер өтеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңға түзету ұсынып отыр. Департамент директоры Александр Терентьевтің сөзінше мемлекет осылайша қазақстандықтарды қаржы қылмыскерлерінен қорғамақ. Былтыр 15 мыңнан астам алаяқтық тіркелген. Олардың 6 мыңы несиеге қатысты. Үкімет пен агенттік бірлесіп бірқатар шараларды қолға алды. Мәселен, Ұлттық банк базасында арнайы орталық құрылмақ. Күмәнді операцияларды байқаған сәтте қаржы ұйымдары соған жүгініп, тексере алады.
Александр Терентьев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департамент директоры:
Ұлттық банкте құрылатын алаяқтыққа қарсы орталық күмәнді транзакциялар туралы барлық ақпаратты жинап отырады. Сонымен қатар жалған номерлермен күресті күшейту үшін ұялы байланыс операторларына талапты қатайту жоспарда бар. Алаяқтар ұрлап кеткен ақшаны өтеу бойынша Мәжіліске түзетулерді ұсындық. Қазір жұмыс жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05