Қазақстанда тіркелген 400-ден астам блогер 200 млн теңге салық төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тіркелген 400-ден астам блогер 200 млн теңге салық төледі

15.01.2024

Былтыр Қазақстанда тіркелген 400-ден астам блогер 200 млн теңге салық төлеген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Министрдің сөзінше декларация туралы заң тәуелсіз медиа ресурстар мен блогерлердің жұмысына бөгет болмайды. Ал сырқаттанған адамдарға немесе қаржылай көмек ретінде халықтан аударымдар арқылы жиналатын төлемдерге салық салынбайды.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі:

Егер олардың қызметі кәсіпкерлік байланысты болса, әрине олар салық төлеуі тиіс. Оған арнайы салық режимдері бар. 1%-4% дейінгі жүктеме. Олардың жұмысы тікелей кәсіпкерлікпен байланысты болмаса, онда оларға ешқандай сұрақ туындамайды және салық төленбейді.

САЛЫҚТЫ ТАКСИ ОПЕРАТОРЛАРЫ ТӨЛЕУІ МҮМКІН 

Министр тауар бағасы қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да бірдей болуы тиіс деді. Заң бұзылған жағдайда 1414 нөміріне хабарласуға болады. Ал такси жүргізушілері мен курьерлерге 1 пайыздық салық ережесі енгізілді. Алдағы уақытта ол да өзгеруі мүмкін.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі:

Яндекс таксимен біз қазір жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мүмкін салықты таксистер өздері емес оператор ретінде Яндекс таксидің өзі төлейтіндей жағдай жасау. Яғни платформалық жұмыс беру аясында осы салық кодексіне осы өзгерістерді енгізетін боламыз. 


Хабарламаларға жазылу