Мексикада қоймалардың бірінен 726 мигрант табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада қоймалардың бірінен 726 мигрант табылды

15.01.2024
Мексикада қоймалардың бірінен 726 мигрант табылды

Мексиканың Тласкала штатындағы қоймалардың бірінен 726 мигрант табылды. Олардың ішінде Гватемала, Гондурас, Сальвадор, Эквадор, Никарагуа азаматтарымен бірге 75 жасөспірім бар. Балалардың жанында ересек туыстары жоқ. Мұны осы елдің ұлттық миграциялық институты мәлімдеп отыр. Сонымен қатар, оның дерегінше, операция барысында адам саудасымен айналысты деген күдікпен төрт азамат тұтқындалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу