Мексикада «мамонттар қабірі» табылды

22.05.2020
Мексикада «мамонттар қабірі» табылды

Өткен жылы археологтар Мехикода салынып жатқан жаңа әуежай орнынан 60-қа жуық Колумб мамонттарының зиратын тапқан болатын. Енді ғалымдар ірі жануарлардың сүйектерінің зерттеу нәтижелерін жариялады.

Археологтардың айтуынша, зиратта мамонттармен қатар, 15 адамның сүйегі және бизон, түйе, жылқы, иттердің де қалдықтары бар. Кейбір сүейктердің жасы 35 000 жылға дейін барады.

Сонымен қатар, зерттеушілер Мехико маңындағы Тултепек аймағынан шамамен 15 мың жыл бұрын әдейі қазылған екі шұңқыр мен 14 мамонттың сүйегін тапқан болатын.

«Табылған қалдықтардың саны біз ойлағаннан да көп болып шықты. Шамамен 60-тан аса піл тектес жануарлардың ең ірі типінің сүйегі бар. Сондай-ақ, плейстоцен заманының басқа да флора мен фаунасын зерттеп жатырмыз», - дейді ұлттық антропология және тарих инстиутының маманы Санчес Нава.

Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, бұл өңір ежелгі уақытта флора мен фаунаға бай болған. Себебі қазіргі таңда тартылып қалған Ксальтокан өзені осы аймақта орналасқан көрінеді.

National Geographic


Хабарламаларға жазылу