Алматы облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды

10.11.2022

Алматы облысының Райымбек ауданында заңсыз аң аулағандар ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, Қақпақ ауылының жанындағы қоймалардың бірінен үш жабайы аңның еті табылды. Алдын ала болжам бойынша ол Қызыл кітапқа енген арқар еті.

Заңсыз аң аулағандар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу