Алматыда заңсыз ішімдік сатқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз ішімдік сатқандар ұсталды

30.10.2017

Алматының Жетісу ауданына қарасты «Айнабұлақ» ықшам ауданындағы қоймалардың бірінен 640 мыңнан астам бөтелкеге құйылған күмәнді алкоголь өнімдері табылды.

Тексеру кезінде оның арнайы лицензиясы болмай шыққан. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы сомасы 500 миллион теңгеден асады. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жыл басынан бері заңсыз 1 миллион 800 мың бөтелке тәркіленген. Оның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болады.   

Заңғар Шыңдәлі, қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Осыған орай қазіргі таңда алкоголь өнімдерінің күмән тудыртатын сапасы көбейгендіктен, «Вайпон» тегін қосымшасын жүктеп алып, марканың түпнұсқаға сәйкестігін анықтауға болады.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу