Грекия мен Түркия шекарасы маңынан 38 мигрант табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия мен Түркия шекарасы маңынан 38 мигрант табылды

17.08.2022

Грекия мен Түркия шекарасы маңындағы аты жоқ аралдан 38 мигрант табылды. Олардың арасында 22 ер адам, 9 әйел және 7 бала бар. Босқындар дереу материктік Грекияға жеткізілді.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, эвакуацияланғандардың 35-і сириялықтар, қалғандары – Палестинадан. Мигранттардың арасында болған бес жасар қыз қайтыс болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл адамдар шағын аралға шілденің ортасында жетсе керек.

Хабарламаларға жазылу