Ақмола облысында бір күнде 2 ірі жол болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бір күнде 2 ірі жол болды

15.01.2024

Ақмола облысында қатты боран мен көктайғақтың кесірінен бір күнде екі ірі жол апаты болды. Полицейлердің мәліметінше, өткен демалыс күндері Астана-Петропавлск тасжолында бір мезетте 15 көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Кеше түске қарай тәртіп сақшылары жолда қалған 100-ге жуық көлікті діттеген жеріне жеткізіп салмақ болған. Алайда жүргізушілер белгіленген арақашықтықты сақтамай, бір-бірімен соқтығысқан.

Сонымен қатар кеше Көкшетау-Астана тасжолында да бір мезетте 9 автокөлік соқтығысты. Сондай-ақ кеше түнде өңірде жолда қалған 65 адам құтқарылды. Олардың оны бала. Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Олар Ақкөл қаласындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Қазіргі таңда облыста бірнеше бағыттағы жолдар жабық.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу