Түркістан облысындағы жаңадан салынған мектепте мыңнан аса бала білім алады
Түркістан облысындағы білім ұялары жаңа мектеппен толықты. Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында бұған дейін балалар үш аусымда оқып келсе, енді жеткіншектер жаңа мектепте білім алатын болды. Жеке инвестор есебінен салынған білім ошағында заманауи оқу кабинеттері мен асхана, спорт залы және кітапхана бар. 1350 орындық мектеп арнайы пән кабинеттерімен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы жекеменшік 133 мектепте 34 мыңнан аса оқушы білім алуда. Қысқа уақыттың ішінде өңірдегі жекеменшік мектептер желісінің артуы – мектеп тапшылығын қысқартуға үлкен үлесін қосуда.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09