Атырауда кәсіпкерді бопсалағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда кәсіпкерді бопсалағандар ұсталды

10.01.2024

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңгені қорқытып алу дерегі анықталған. 35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды. Бұдан бөлек аталған екі азамат өткен жылдың қазан айынан бері кәсіпкерден 4,5 млн теңгені заңсыз иемденді деген күдікке ілініп отыр. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу