Шымкентте мемлекеттік қызметкерден ақша талап еткен кәсіпкер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мемлекеттік қызметкерден ақша талап еткен кәсіпкер ұсталды

09.01.2023

Шымкент қаласында мемлекетік қызметкерді бопсалап, қомақты ақша талап еткен кәсіпкер ұсталды. Ол Түркістан облысындағы мемлекеттік мекемелердің бірінде басшы қызметін атқаратын азаматтың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп қорқытып, 50 миллион теңге талап еткен.

Кейін белгілі болғандай, кәсіпкер мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, жеңіліп қалғандықтан осындай қадамға барған. Шымкент қаласының полициясы кәсіпкерді 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Күдікті қазір қамауда. Қылмыстық кодекстің «Бөтеннің мүлкін қорқытып алу» дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полицейлер, сондай-ақ ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу