Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында қылмыстық топ ұсталды

17.03.2023

Ақтөбе облысында кәсіпкерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлерімен бірге төрт күдіктіні анықтаған. Олар ақша алып жатқан жерінен қолға түсті. Тексеру барысында біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Күдіктілердің үшеуі қамауға алынды. Қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерді қорқытып, бірнеше мәрте 2 миллион теңге талап еткені анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу