Оралдағы газ жарылысы: Ауруханадағы 5 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы газ жарылысы: Ауруханадағы 5 адамның жағдайы ауыр

08.01.2024

Осы Оралдағы дәмханада болған жарылыс пен өрттен аман қалып, ауруханаға түскен 5 адамның жағдайы/ әлі ауыр. Дәмханада бас аспаз және кәуапшы болған екі ер адам - Өзбекстан азаматтары. Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал денелерінің 40 пайызын күйік шалған 20 және 22 жастағы бойжеткендердің туыстары/ Самарадан дәрігер шақыртып, қыздарын қаратқан. Ресейде емделу үшін әрқайсына 6 млн теңге керек. Сенбі күні есепшот ашылып, екі күнде қажет сома жиналды. Ал политравма бөлімінде жатқан 32 жастағы азаматтың еміне де, жылу жиналып жатыр. Дәмхананы жалға алып келген кәсіпкер болса, екі айға қамалды. Прокурор/ оны өрт қауіпсіздігін сақтамай, қайғылы жағдайға жол берді деп айыптап отыр. Дәмханада болған жарылыс пен өрттен үш адам қаза тапқан.

Нұрлыбек Баймурзилов, Ақсай қаласының тұрғыны:

Ішінде менің бауырым бар екен, Бегайдар - есімі. Ол кісіні дұрыс азамат ретінде білемін. 2014 жылы Бөрлі ауданының мешітінде бас имам болды. Осыдан үш күн бұрын сбор жариялаған болатынмын. 1 млн 800 мыңдай қаражат жиналды. Одан кейін де көмегімізді береміз.


Хабарламаларға жазылу