Биыл Қазақстанның аймақтық және халықаралық алты ұйымға төрағалық етуі еліміздің беделі мен имиджін арттыра түседі. Сарапшылардың пікірі осындай. Жалпы қазір еліміздің халықаралық саясат сахнасындағы рөлі қандай? Тілшіміз айтсын
Қазақстан татулықты ту еткен бейбіт ел. Сыртқы саясатын да осы бағытта жүргізіп келеді. Соның арқасында талай жеткістікке жетті. Әсіресе, өткен жыл ел үшін табысты болды. Президент ондаған елге сапарлап барды, жоғары дәрежеде кездесулер өткізді. Инвесторлардың елімізге деген қызығушылығы артты.
Самат Нұртаза, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Соңғы жылдарға қарағанда біздің беделіміз әлдеқайда өсті. Тек қана мына Орталық Азиядағы бір лидерлік талас қана емес, жалпы дүниеде. Ол жаңағы Қытай басшысының Астанаға келуі, Путиннің сөйлеуі, Ердоғанның айтқаны, Байденнің қолдауы деген сияқты осының барлығы тұтас келеді да біздің елдің мүддесіне пайда әкеледі.
Биыл да артылған міндет көп. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және Түркі мемлекеттері ұйымы секілді аймақтық және халықаралық 6 бірлестікке төрағалық етеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында айтты. Сарапшылардың пікірінше Қазақстан төрағалық етіп қана қоймай, ұйым жұмысын жетідіру үшін түрлі ұсыныстарын әзірлеп жатыр. Әрі ұйымға мүше елдер онымен санасары сөзсіз.
Иә, еліміздің бастамасы әлемдік қауымдастық тарапынан ескерусіз қалған емес. Тіпті Біріккен ұлттар ұйымы да 2026 жылды Қазақстанның ұсынысы бойынша халықаралық волонтерлар жылы деп жариялағаны кеше. Бұдан бөлек, президент биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойыны да бізде өтетінін айтты. Елде алғаш рет ұйымдастырылатын байрақты бәсекеге қазірден қызу дайындық жүріп жатыр.
Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры:
Он ұлттық спорт түрін кіргізіп отырмыз. Қазақи атаумен. Теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ. Соны әлемге танытамыз . Әлемде осымен айналысуға, қызығушылығын арттыру мақсатында дәріптейміз.
Сондай-ақ, маусым айында Астана халықаралық форумы да өтпек. Биылғы бас қосуда климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы және энергетикалық қауіпсіздік сияқты жаһанға ортақ мәселелер талқыланады. Сондықтан Қазақстан әлем назарын өзіне аударып, абырой беделін арттыра түседі дейді сарапшылар.
