Тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек

08.01.2024

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза тағы да күшейтіледі. Ішкі істер министрлігі алалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және депутаттармен бірлесіп, заңнамаға бірнеше түзету әзірледі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы мәлімдеді. Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, енді/ әйеліне немесе бала-шағасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіргендерәкім шілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әрі сотқа отбасының шырқын бұзатын азаматтарды тұрғын үйден уақытша шығарып, әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу құқығы беріліп отыр. Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

Сонымен қатар ІІМ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше бөлімше құрылатын болады. Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық зомбылық күреспен ғана айналысады. 

Отбасылық зорлық-зомбылық азаймай тұр 

Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық құрбандары азаймай тұр. Былтыр 69 әйел мен 7 бала тұрмыстық жанжалдың салдарынан қайтыс болған. Бүгін әйелдер мен бала құқықтарын қорғау бойынша Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары және қоғам белсенділерінің қатысуымен жиын өтті. Онда дағдарыс орталықтарының жұмысын жетілдіру, отбасылық жанжал мәселесімен айналысатын Ішкі істер органы қызметкерлерінің санын арттыру мәселесі талқыланды. Биыл қиын жағдайға тап болғандарға көмектесетін қамқоршы мамандардың санын 300-ден мыңға дейін көбейту көзделіп отыр.


Хабарламаларға жазылу