Оралда өрт болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды
Оралда жарылыс пен өрт болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктіге екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеуді басталды. Кәсіпкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындады. Айта кетейік, төрт күн бұрын Ризық дәмханасында газ қоспасы жарылып, екі қабатты ғимарат қирап, өртке шыққан еді. Үш адам қаза тауып, 6 адам жараланды. Ауруханада жатқан 5 адамның жағдайы әлі ауыр. Қаза тапқан 19 жастағы бойжеткен мен 20 және 32 жастағы екі азаматтың денесі жер қойнына тапсырылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05