Қытайда Қысқы Олимпиада үшін қар жиналып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда Қысқы Олимпиада үшін қар жиналып жатыр

30.11.2021


Қытайда Қысқы Олимпиада үшін қар жиналып жатыр. Ойындар Бейжіңде және Яньцин ауданы мен Хэбей провинциясында өтеді. Қытайдан және шетелден тартылған жиырмаға тарта маман тәулік бойы жұмыс істеу үшін екі ауысымға бөлінген. Келер жылы қаңтар айының ортасына дейін олар 800 мың шаршы метр аумаққа 1,2 миллион текше метр қар жинауды мақсат етіп отыр. Бұл жұмысқа 170 техника жұмылдырылған.

Айта кету керек, Ақ Олимпиада 2022 жылы ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында, ал Паралимпиада наурыздың 4-і мен 13-і аралығында өтеді деп жоспарланған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу