Қытайда Қысқы Олимпиада үшін қар жиналып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда Қысқы Олимпиада үшін қар жиналып жатыр

30.11.2021

Қытайда Қысқы Олимпиада үшін қар жиналып жатыр. Ол ойындар Бейжіңде және оның Яньцин ауданы мен Хэбей провинциясының Чжанцзякоу қаласында өтеді.

Қытайдан және шетелден тартылған жиырма маман тәулік бойы жұмыс істеу үшін екі ауысымға бөлінген. Келер жылдың қаңтар айының ортасына дейін олар 800 мың шаршы метр аумаққа арнап жалпы көлемі 1,2 миллион текше метр қар жинауды мақсат етіп отыр. Бұл жұмысқа 170 техника жұмылдырылып жатыр.

Айта кету керек, Ақ Олимпиада 2022 жылы ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында, ал қысқы Паралимпиада наурыздың 4-і мен 13-і аралығында қысқы өтуі керек.


Хабарламаларға жазылу