Шахтадағы апат: Опырылған аумақ сканерленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы апат: Опырылған аумақ сканерленді

08.01.2024

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта шұңқырына құлаған автобус пен екі адам әлі табылған жоқ. Техникалық георадар арқылы опырылған аумақ зерттелді. Содан алынған дерекке қарағанда, ойық түбінде металл тәріздес заттың жатқаны анықталды. Бірақ қалыңдығы 5 метрге жуық топырақтың астында қалған. Геодезистің болжамы бойынша, бұл автобус болуы мүмкін. Іле-шала осы жерге кран арқылы шағын экскаватор түсіріп, қазу жұмыстарын бастау жоспарланған еді. Бірақ мамандар бұл өте қауіпті деген шешімге келді. Себебі, жоғарыдан төмен сырғып жатқан қалың топырақ техниканы басып қалуы мүмкін. Әзірге автобус жүргізушісі мен бір құтарушыны іздеу жұмыстары екі ауысыммен тоқтаусыз жүріп жатыр. Апат болғаннан бері 4-ші тәулік өтіп барады. Әзірге нәтиже жоқ. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 4-і күні, түнде Баянауыл ауданының аумағындағы «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасында шахтаға апаратын жол опырылып, 4 адамы бар автобус шыңырауға құлаған болатын. Екі құтқарушының денесі шығарылды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу