Ұлттық қор-балаларға: Деректі ұялы телефонмен тексеруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қор-балаларға: Деректі ұялы телефонмен тексеруге болады

05.01.2024

1-ші ақпанға дейін Ұлттық қордан әр балаға қанша қаражат түсетіні белгілі болады. Артынша жинақтау шоттары ашылады. Балалардың тізімі, есепшоты, жалпы жүйе толықтай автоматтандырылған. Бірақ, кей балалардың ақпараты әлі де жоқ. Тіпті, басқа балалардың дерегі көрсетілген жайттар да кездесіп жатыр. Ал ақпаратты тексеру жолы қарапайым. Ұялы телефон болса жеткілікті. «Егов мобаил» қосымшасын жүктеп, тіркелесіз. Ол жерде отбасы деген бөлікті таңдайсыз. Артынша балалар деген батырманы бассаңыз, балаңыз жайлы толық ақпарат шығуы тиіс. Егер, шықпаса, онда қосу дегенді таңдап, жеке сәйкестендіру номерін енгізесіз. Бірден тіркеліп, ақпараты шығуы тиіс. Мәліметтерін өзгерту қажет болса, өзгерту батырмасын таңдайсыз. Ал ақпарат мүлдем шықпаса оның жолы да онлайн түрде жүргізіледі дейді, мамандар.

Арманай Мирасқызы, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасының жетекші маманы:

Қазіргі күнде Егов порталында немесе егов мобайл қосымшасында балалардың ақпараты көрсетілмеген жағдай болса, ешқайда құжат жинап, кезекке тұрып, біреуге ақша төлеудің, өтініш берудің қажеті жоқ. Тек онлайн түрде, платформалардың өзінде егов порталында, егов мобайл қосымшасында баланы қосу деген батырманы қосып қойдық. Сол батырманы басып, ИИН теріп, тек ғана туу туралы куәлікті жүктеу керек. Осы жеткілікті. Осы өтінішті жібергеннен кейін 2-5 күннің ішінде өтініш қарастырылып, осыдан кейін порталда, қосымшада баланың ақпараттары пайда болады. 

Хабарламаларға жазылу