Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Оның ішінде бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, ғылым және технологиялық саясат, жылу энергетикасы және басқа да заң жобалары бар. Жалпы сессия басталғалы 35 заң қабылданған. Мәжіліс спикері партиялық фракциялар мен бір мандатты депутаттар белсенділігінің артуы Парламенттегі пікірталас деңгейін көтергенін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екенін айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08