Кәсіпкер қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе жауапкершілікке тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе жауапкершілікке тартылады

05.01.2024

Онлайн аударымдар қадағаланады дегеннен кейін төлемді тек қолма-қол ақшамен беруді талап етуге кіріскен кәсіпкерлер айыппұл астында қалуы мүмкін. Егер кірісін жасырғаны анықталса, төленбеген салықтың 10 пайызын төлейді. Ал түбіртек бермегені үшін 185 мың теңгеге дейін айппұл салынады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, бірақ бизнес қызметін көрсетіп жүргені анықталса, 370 мың теңге айыппұл төлеуіне тура келеді. Бүгін Алматыдағы салық департаментінің мамандары шаштараз, такси сияқты қызмет көрсететін азаматтарға салық төлеудің бірнеше нұсқасы бар екенін айтты. Мәселен, кәсіпкерлер «е-salyq business» қосымшасы арқылы 1 пайыз салық төлеп, түбірбекті онлайн клиентке жібере алады. Сондай-ақ, салықтық есеп те қосымшада дайын тұрады. Айта кетейік, патент бойынша жұмыс істейтіндер де 1 пайыз салық төлейді. Ал саудамен айналыса саудагерлер 3 пайыз салық төлеуге міндетті.

Айжан Бекеева, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда такси жүргізушілеріне оңайлатылған пилоттық жоба іске қосылып отыр. Бұл Алматы қаласы бойынша және Астана қаласы бойынша. Демек Яндекс такси арқылы жүргізетін таксистер, яндекс арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп , 1 пайыз өзінің табыс көзінен салық төлеуге мүмкіндігі бар. Бұл пилоттық жобаға қосылмаймын деп жатса, бізде мобильді қосымша «е-salyq business» жұмыс жасайды. Бұл жерде 1 пайыз төлейді, бірақ айма-ай төлеп отырады. Сосын кейін, салық нысанын тапсырмайды, кассалық аппаратты сатып алудың қажеті жоқ. Бұл бәрі мобильді қосымшада орналасқан.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу