Қаңтар оқиғасы қайталанбауы керек – Мұрат Бақтиярұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы қайталанбауы керек – Мұрат Бақтиярұлы

05.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «Қаңтар оқиғасына» айрықша тоқталды. Еліміздің тұтастығына қауіп төндіріп, халықты ашындырған белгілі бір топтың артында кімдер тұрғанын Президент ашып айтты дейді мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы.

Мұрат Бақтиярұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері:

Осы сұхбатында «Қаңтар оқиғасына» тереңірек айтып, тереңірек үңіліп, халыққа тереңірек ақпар берді деп есептеймін. Соның ішінде «Қаңтар оқиғасына» кімдердің қатысқаны туралы ашық айта бастады. Бұл дұрыс нәрсе. Өйткені халық білу керек. Сондықтан Президент осы сұхбатында «Қаңтар оқиғасын» қайталамас үшін, екінші рет болдырмас үшін елдегі тәртіпті күшейту туралы мәселелерді айтты. Соның ішінде заңға өзгертулер енгізуді.

Әділбек Жақанұлы


Хабарламаларға жазылу