Көгілдір отыннан келетін қауіп: Мамандар ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көгілдір отыннан келетін қауіп: Мамандар ескерту жасады

04.01.2024

Үйден газдың иісі шықса, көгілдір отыннан қандай да бір қауіп сезсеңіз 104 номеріне хабарласыңыз. Дәл осы 104 номері көгілдір отынмен байланысты апаттардың алдын алу бойынша қызмет көрсетеді. Ондағы мамандар сізге көмекке жеткенше, үйдің терезесін ашып, ауасын тазартыңыз. Электр жарығын қоспаңыз. Себебі, артық әрекеттің барлығы жарылысқа алып келеді. Осылай деген Астана қаласының төтенше жағдайлар қызметіндегілер жер үйде тұратын тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп жүр. Мамандар, әр үйдің иесіне газ баллонынан келетін қауіптің салдарын, одан сақтану жолдарын көрсетуде. Мәселен, газ балонынан газдың иісі шығып тұрғанын сезсеңіз, оны сіріңке жағып тексеруге болмайды. Бірден жарылыс болуы мүмкін. Сондықтан, мамандар оны қалай тексеру керектігін көрсетті.

Алдияр Қошан, Астана қаласының «Нұра» аудандық ТЖБ бас маманы:

Егерде үйдің ішінде газдың иісі пайда болатын болса, осындай губкамен, пенамен осылай редукторды тексереміз. Қосылған жерлерін. Егер қандай да бір жерден газ шығатын болса, онда осы жерде көпіршіктенеді. 

Хабарламаларға жазылу