Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Майқайыңалтын» кен байыту шахтасы опырылып, терең шұңқырға құлап кеткен автобустың 4 жолаушысының екеуі әлі табылған жоқ. Әзірге екі адамның мәйіті шығарылды. Олар 24 және 53 жастағы құтқарушылар. Апат болған жердің тереңдігі 150 метр. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздеу жалғасып жатыр. Олар шахтадан түскен шақыртуға бара жатқан. Шыңырау ішінде құмды шаң пайда болып, шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланған. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Оқиға болған жерде жедел штаб құрылды. Құтқару шарасына 70 адам,13 техника жұмылдырылды.
Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі:
Құтқарушыларды іздеп жатырмыз, екі адамды. Бұл жерде қиындық туғызып тұрған жаңағы құлаған жердің жан-жағы төмен қарай түсіп , сырғып құлап жатыр жер. Сол қиындық туғызып тұр. Құтқарушыларға қауіп бар. Сол себепті үстінен арқанмен түсіп жатыр.