«Air Astana» ұшағының Лондон әуежайына экстремалды қонуы британиялықтарды таң қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Air Astana» ұшағының Лондон әуежайына экстремалды қонуы британиялықтарды таң қалдырды

04.01.2024

Лондондағы “Хэнк” дүлей дауылы кезінде қазақстандық әуе компаниясы ұшағын сәтті қондырып, британиялықтарды таң қалдырды. Бірнеше күннен бері Англия мен Уэльсте көтерілген қатты желдің салдары туралы Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова хабарлайды.

Лондонның Хитроу әуежайынан түсірілген көрініс. Қазақстандық әуе компаниясы ұшағы аспанда тербеліп барып, жерге қонып жатыр. Оқиға куәгерлері пилоттың шеберлігіне таңданысын жасырмады.

Англия мен Уэльстегі желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, халықты әбігерге салды. Су тасқыны туралы 250-дей ескерту жасалды, мыңдаған абонент жарықсыз отыр. Тұрғын үйлер судың астында қалып, халықтың өміріне қауіп төнді.

Лиам Стич, бирмингем қаласының тұрғыны:

Судың астына кетіп бара жатқан әйелді және оның 3 жасар қызына көлігінен шығуға көмектестім. Екеуі де дін-аман.
Табиғи апаттың құрбаны болған және жарақаттанғандар бар. Ауа-райын болжаушылар жағдайдың әлі де қауіпті екенін еске салады.
снх: Майк Кендон, метеорологиялық қызметтің аға ғалыми қызметкері /аударма, ер кісі/: 2023 тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды. Дауылдардың көбеюіне жаһандық жылыну себепші болуы мүмкін.

“Хэнк” дауылы соңғы үш айда болған сегізінші табиғи апат. Ол енді Еуропаның солтүстігіне қарай жылжиды дейді синоптиктер.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу