Алматы әуежайына Делиден тырысқақ жұқтырған әйел ұшып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайына Делиден тырысқақ жұқтырған әйел ұшып келді

05.04.2024

Алматы әуежайына Делиден тырысқақ жұқтырған әйел ұшып келді. Ол ауруханаға жеткізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқаспен байланыста болған өзге жолаушылар да, инфекциялық стационарға жатқызылды. Аса қауіпті ауруды жұқтырған қырғызстандық келіншек Делиден Бішкекке Алматы арқылы бармақ болған. Ал, Air Astana мамандары, әуе кемесінің бортында дезинфекция жүргізді. 

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу