ITF: Новак Джокович пен Серена Уильямс – жыл теннисшілері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ITF: Новак Джокович пен Серена Уильямс – жыл теннисшілері

23.12.2015
ITF: Новак Джокович пен Серена Уильямс – жыл теннисшілері

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) сербиялық Новак Джокович пен АҚШ-тық Серена Уильямсті 2015-ші жылдың үздік теннисшісі деп таныды.

Джокович бұл атақты қатарынан 5-ші, ал Уильямс 4-ші рет иеленіп отыр. Әлемнің бірінші ракеткасы Джокович 2015 жылы ATP турнирлерінде 11 рет жеңіске жеткен. Сонымен қатар, ол «Үлкен дулыға» сериясындағы төрт жарыстың үшеуінде («Australian Open», «US Open» және «Уимблдон») топ жарып, ATP-дің қорытынды жарысында чемпион атанды.

WTA рейтингісінің көшін бастап тұрған Серена Уильямс биыл 5 турнирде жеңіске жетті. Олардың қатарында Уимблдон, «Ролан Гаррос» және «Australian Open» бар.

Ал, ерлер арасындағы үздік жұп болып голландиялық Жан-Жюльен Ройер мен румыниялық Хория Текау танылса, әйелдер арасында швейцариялық Мартина Хингис пен үндістандық Саня Мирза үздік атанды.

Хабарламаларға жазылу