Түркияның 8 провинциясында тыңшылыққа қатысты рейд жүргізілді
Түркия полициясы елдің 8 провинциясында рейд жүргізді. Операция барысында Израильдің «Моссад» барлау қызметінің мүддесі үшін тыңшылықпен айналысты деген күдікпен 34 адам ұсталған. Бұған қоса, олар Түркияда тұрып жатқан шетелдіктерді анықтау, аңду, шабуыл жасау және ұрлап әкетуді жоспарлаған болуы мүмкін деген күдік бар. Түркияның Ұлттық барлау агенттігінің дерегінше, мұндай күдікке 46 адам іліккенімен, олардың 12-сі ізін суытып үлгерген. Өткен айда Түркия билігі Израильді Хамас қарулы тобының Палестина аумағынан тыс елдерде жүрген мүшелерінің ізіне түспеуге үндеді. Президент Режеп Тайып Ердоған мұндай әрекеттің зардаптары ауыр болатынын ескерткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05