«Қазақстан» ұлттық арнасы және «Көркем фильм» компаниясы көрермендерге жақында жаңа тележоба ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» ұлттық арнасы және «Көркем фильм» компаниясы көрермендерге жақында жаңа тележоба ұсынады

07.06.2016
«Қазақстан» ұлттық арнасы және «Көркем фильм» компаниясы көрермендерге жақында жаңа тележоба ұсынады

Қазіргі таңда 100-сериялық «Айман-Шолпан» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр.

Негізгі идеясы ұқсас атты қазақ халықтық лирико-эпостық поэмасынан алынған. Сериалда егіз қыздардың тағдыры баяндалады. Бұл фильмнің ерекшелігі екі адамның рөлін Салтанат Бақаева сомдайды. Кастингке 70 жұп егіз қатысып, алайда ол сәтті болмаған соң режиссер осындай шешім қабылдаған. Осылайша екі рөл талантты актриса Салтанат Бақаеваға берілді. Айта кетсек, сериалда 60-қа жуық адам, оның 25-і негізгі рөлде ойнайды. Ұйымдастырушылардың сөздерінше ауқымды кастинг жасалған.

 «Басты кейіпкер таңдауға біз 4 ай уақыт жібердік. Ресейден, Ұлыбританиядан, Өзбекстаннан  әртістер өз бақтарын сынап көрді. Сериалға олардың үздіктері түсті» - деді фильмнің шығармашылық продюсері Рашид Сүлейменов.

 Айтпақшы, түсірілімнің 3 аптасы жүріп жатыр. Продюсерлердің айтуынша фильм үлкен экранға 4 айдан кейін шығады, премьерасы осы күзде «Қазақстан» телеарнасында күтілуде.

Хабарламаларға жазылу