«Қазақмыс» компаниясында бір айда 3 жұмысшы көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақмыс» компаниясында бір айда 3 жұмысшы көз жұмды

27.12.2023

«Қазақмыс» компаниясында тағы да қайғылы жағдай. Мекеменің Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы мерт болды. Компанияның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жерасты техникасының машинисті екінші жүргізушіні абайсызда қағып кеткен. Жұмысшы алған ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы іске қатысты тергеу басталды. Айта кетейік, «Қазақмыс» компаниясында бір ай ішінде осымен екінші рет қайғылы жағдай тіркелді. 27 қарашада мекеменің Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде екі адам көз жұмған еді. Өндірістегі жазатайым оқиға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу