Қапшағайда 3 жұмысшы газға уланып көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда 3 жұмысшы газға уланып көз жұмды

29.08.2018

Қапшағай қаласында 3 адам метан газынан уланып көз жұмды. Үшеуі де «Қапшағай су құбыры» мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары. Олар №8 шағын ауданның кәріз жүйесін тазаламақ болып құдыққа түскен. Оқыс оқиға туралы ақпарат Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 28 тамыз күні сағат 11:49-да хабарланған. Көлік жүргізушісінің айтуынша, жұмысшылар келе сала құдыққа түскен. Бірер сәттен кейін үш азаматтың өлі денесін көріп, дереу тиісті орындарға хабарлаған. Жұмысшылардың денесін құдықтан құтқарушылар шығарып алған. Естеріңізге сала кетейік, бұл соңғы екі айда Алматы облысында тіркелген үшінші жағдай. Алдыңғы екі оқиғада 6 адам улы газға тұншығып өлген болатын. 

Азамат Жұртбаев, Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы орталық ауруханасында бір факті тіркелген. Ол жерде де метан газынан 3 адам иістеніп қаза болды. Одан кейін Кеген ауданында болған. Ол жерде де үш адам бір-бірін құтқарайын деп, мотопомпаның иісті газынан уланып, қаза болды.

Қапшағай қаласындағы дәл сондай оқиға. Қызметкерлер бір-бірін құтқарамын деп метан газынан иістеніп қаза болды.  

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу