«Таңшолпан» бағдарламасы Астана қаласының 18 жылдығына орай байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы Астана қаласының 18 жылдығына орай байқау жариялайды

06.06.2016
«Таңшолпан» бағдарламасы Астана қаласының 18 жылдығына орай байқау жариялайды

Биыл елордамыз Астана қаласына - 18 жыл.  Осыған орай «Таңшолпан» бағдарламасының дәстүрлі «Астанаға арнаймын» атты байқауы өз жалғасын табады.

Байқауға 18 жастан асқан еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Көрермендер өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын, салған суреттері мен жасаған мүсіндерін Астананың туған күніне арнап жолдай алады.

Сіз жолдаған тарту күн сайын тікелей эфир барысында көрсетіліп, мамандар бағасына ие болады. Әр жұма сайын аптаның жеңімпазы анықталып, марапатталады және ақтық сынға жолдама алады.

Ақтық сында үздік қатысушы төрт аптаның жеңімпаздары арасынан анықталады. Қорытынды 6 шілде - Астананың туған күнінде жарияланбақ.

Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55 38 18

Еңселі елдің елордасын бірге ұлықтайық!

Хабарламаларға жазылу